top of page

      Жыл сайын Конфуций институты HSK, HSKK халықаралық біліктілік емтихандарын жүргізуді ұйымдастырады. Емтиханды үздік тапсырғандар халықаралық үлгідегі ҚХР Білім министрлігінің сертификатын иеленеді және Конфуций институты Бас Басқармасының / Ханьбань бағдарламасы бойынша білім гранттарына (тілдік тағылымдама, бакалавриат, магистратура) үміткер атанады.

HSK – қытай тілі бойынша халықаралық біліктілік емтиханы. Емтихан қытай тілі ана тілі болып саналмайтын тұлғалар, шетел азаматтары, қытай эмигранттарына және аз ұлт өкілдеріне арналған, қытай тілін тұрмыста, оқу және жұмыс жағдайларында қолдану дағдысын тексеруге бағытталған.

HSK сертификаты Қытай университеттеріне немесе басқа да оқу орындарына түсерде, сонымен бірге жұмысқа орналасуда қытай тілін меңгеру деңгейін растайды.

HSK емтихандары бір-біріне тәуелсіз жазбаша және ауызша тесттік тапсырмалардан тұрады. Жазбаша тест алты деңгейден тұрады (HSK I, HSK II, HSK III, HSK IV, HSK V, HSK VI). Ауызша тест үш деңгейден тұрады: бастауыш, орта және жоғары. Ауызша тест барысында емтихан тапсырушының жауабы таспаға жазылады.

 

Жазбаша емтиханның құрылымы

HSK I  1 семестр бойына аптасына 2-3 сағаттан қытай тілін меңгерген және жиі қолданылатын 150 сөзді игерген және тиісті грамматика білімі бар емтихан тапсырушыларға бағытталған. HSK I емтиханын тапсырғандар қарапайым тілдесім жүргізуге қажетті  сөздер мен сөз тіркестерін түсіне және қолдана алады, сонымен қатар қытай тілін меңгеруді әрі қарай жалғастыра алады.

HSK II  2 семестр (1 оқу жылы) уақыт бойына аптасына 2-3 сағаттан қытай тілін меңгерген және жиі қолданылатын 300 сөзді игерген және тиісті грамматика білімі бар емтихан тапсырушыларға бағытталған. HSK II емтиханын тапсырғандар күнделікте өмірде жиі кездесетін тақырыптар бойынша тілдесім жүргізе алады.

HSK III  3 семестр (1,5 оқу жылы) уақыт бойына аптасына 2-3 сағаттан қытай тілін меңгерген және жиі қолданылатын 600 сөзді игерген және тиісті грамматика білімі бар емтихан тапсырушыларға бағытталған. HSK III емтихандарын тапсырғандар күнделікті тұрмыста, оқуда, жұмыста және Қытайдағы экскурсия кезінде  қажетті  негізгі қарым-қатынас тапсырмаларын орындай алады.

HSK IV 4 семестр (2 оқу жылы) уақыт бойына аптасына 2-3 сағаттан қытай тілін меңгерген оқыған және жиі қолданылатын 1200 сөзді игерген және тиісті грамматика білімі бар емтихан тапсырушыларға бағытталған. HSK IV емтиханын тапсырғандар қытай тілінде әр түрлі тақырыптар бойынша талқылаулар жүргізе алады, сонымен қатар қытай тілінде сөйлеушілермен еркін сөйлесе алады.

HSK V 2 жылдан аса уақыт  аптасына 2-4 сағаттан қытай тілін меңгерген және жиі қолданылатын 2500 сөзді игерген емтихан тапсырушыларға бағытталған. HSK V тапсырғандар қытай тілінде газет-журнал оқи алады, телебағдарламаларды түсіне алады, және қытай тілінде аудитория алдында сөйлей алады.

HSK VI 5000-нан астам жиі қолданатын сөздерді игерген емтихан тапсырушыларға арналған. HSK VI тапсырғандар қытай тілінде ауызша және жазбаша ақпаратты оңай қабылдап, өз ойын жазбаша немесе ауызша еркін жеткізе алады.

 

HSKK ауызша емтиханының құрылымы

HSKK  бастауыш деңгей 1-2 семестр бойына аптасына 2-3 сағаттан қытай тілін меңгерген және  жиі қолданылатын 200 сөзді игерген емтихан тапсырушыларға арналған.

HSKK орта деңгей 1-2 оқу жылдары аптасына 2-3 сағаттан қытай тілін меңгерген және 900-ге жуық жиі қолданылатын сөздерді игерген емтихан тапсырушыларға арналған.

HSKK жоғары деңгей  2 жылдан көп уақыт бойына аптасына 2-3 сағаттан қытай тілін меңгерген және жиі қолданылатын 3000-ға жуық сөзді игерген емтихан тапсырушыларға арналған.

bottom of page