top of page

Халықаралық ынтымақтастық департаменті
h-index бар шетелдік ғалымдарды онлайн қонақ дәрістеріне шақырады. Ғалымдар қонақ дәрістерін тәжірибе, білім алмасу үшін, өзінің жаңа идеяларымен, зерттеу тақырыбымен профессор-оқытушылар құрамы, студенттермен және Қ.Жұбанов ат. АӨУ кең аудиториясымен бөлісу үшін өткізеді.

Бұл дәрістер zoom платформасы бойынша ағылшын тілінде өтеді. Бұған дейін келесі профессорлар, ғалымдар:

  • Дэвид Марш,

  • Рокко де Милио,

  • Полин МакЛун,

  • Юнг Ван Ли
    қонақ дәрістерін өткізді.

Шетелдік профессорлардың қонақ дәрістерін –

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің маманы

Р.Е. Есмаканова ұйымдастырады.

e-mail: raushan.esmakanova@zhubanov.edu.kz

Дэвид Марш - Ұлыбританияның Корольдік өнер қоғамының мүшесі, EduCluster Finland Консультативтік кеңесінің, Ювяскюля университеті тобының мүшесі және Финляндияның MED директоры. Ол Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL) әдістемесінің негізін қалаушы және CLIL, екі тілділік білім беру туралы зерттеу журналдарындағы көптеген басылымдардың авторы (h-index 25).

 

Д-р Полин МакЛун - Глазго Университетінің (Шотландия) Молекулалық биология ғылымдары факультетінің оқытушысы. Доктор Полин МакЛунның ғылыми қызығушылығы тері ауруларын емдеудің жаңа әдістерін іздеу мақсатында табиғи өнімдердің биологиялық қасиеттерін зерттеуді қамтиды. Сонымен қатар, ол Орталық Азия аймағында ультракүлгін сәулеленудің әсерінен болатын денсаулыққа қауіп-қатерді бағалау үшін зерттеу жүргізеді (Scopus h-index 7).

 

Рокко Де Милио - Өндіріс және менеджмент жөніндегі инженер, Энергожүйе талдаушысы. Ол шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің құралдары мен әдістерін әзірлеуде және қолдануда, энергетика және климат саласындағы стратегияларды дайындауда, сондай-ақ ЕО-ға мүше мемлекеттерге және ЕО-ға кірмейтін елдерге техникалық қолдау көрсетуде үлкен тәжірибеге ие. Қазақстанда және Орталық Азияның Каспий маңы өңірінде көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Ғалым энергия жүйесі және климаттың өзгеруі саласындағы ғылыми журналдарда жарияланымдардың авторы (Scopus-тағы h-index - 9).

 

 

Юнг Ван Ли - Аньхой Қаржы және экономика университетінің (Қытай), Халықаралық экономика және сауда факультетінің профессоры. Д-р Ли "Халықаралық бизнес және экономика", "Халықаралық бизнесті басқару" салаларында халықаралық зерттеулер мен білімге өз үлесін қосуда. Ғалым “Экологиялық зерттеулер, халықаралық экономика, бизнес, менеджмент, туризм, қор нарықтары, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік” бағыттары бойынша ғылыми журналдарда жарияланымдардың авторы, (Scopus h-index 17), Web of Science-те 83 жарияланымы бар.

 

 

bottom of page