Қ.Жұбанов атындағы AӨУ-де оқитын шетелдік студенттер, әлемнің 7 елінің өкілі. Олардың арасында Германия, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Грузия, Әзірбайжан және Түркіменстан азаматтары бар.
Шетелдік студенттер университеттің оқу бағдарламаларына толық сәйкес келетін оқу жоспарлары бойынша оқиды. Факультеттер жұмысының маңызды бөлігі дайындық бөлімі болып табылады. Оны студенттер жоғары оқу орнына дейінгі дәстүрлі дайындықты да (қазақ тілі, орыс тілі) алады, сонымен қатар университетке түсу алдында бейімделу бағдарламаларына қатысуға және магистратура мен аспирантураға түсуге жақсырақ дайындалуға мүмкіндік алады.
Оқу барысында студенттер мен аспиранттар кафедралар жүргізетін ғылыми-зерттеу және ғылыми жұмыстарға белсене араласады, университеттің қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне қатысады. Шетелдік студенттер жатақханамен қамтамасыз етілген.
Шетелдік үміткерлер үшін ақпарат
Қазақстан Республикасына келгеннен кейін барлық шетелдік студенттер (студенттер, магистранттар, докторанттар) Қазақстан Республикасына келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде АӨУ халықаралық ынтымақтастық департаментіне өтініш беріп, шекаралық бақылау органының Қазақстан Республикасына кіруі туралы мөрі бар төлқұжатын көрсетуі қажет. Шетелдік студенттер үшін кіру мақсаты әрқашан «оқу» деп белгіленеді! Ақтөбе қаласының көші-қон қызметінде көші-қонды тіркеу үшін келесі құжаттар қажет:
- медициналық сақтандыру (түпнұсқа);
- төлқұжаттың нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмесі;
- студенттің ЖСН;
- Үй иесінің келісім хаты.
ЖОО-ға түскен, бірақ түсу емтихандары аяқталғаннан кейін түрлі себептермен Қазақстан Республикасынан кетпеген шетелдік талапкерлер, бұрын тіркелген болу мерзімі аяқталғаннан кейін жоғары оқу орны арқылы көші-қон органдарында тіркеле алады.
Визасыз елдерінен келген шетелдік студенттер (студенттер, магистранттар, докторанттар) ХЫД-не келесі құжаттарды тапсырады:
1. Аудармасы бар төлқұжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі
2. Уақытша тіркеу туралы куәліктің көшірмесі
3. Медициналық сақтандыру көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады)
4. Студенттің ЖСН.
5. Фото 3,5х4,5 - 2 дана.
6. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының сауалнамасы
7. Студенттік ақпарат (халықаралық студент)