top of page

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Халықаралық ынтымақтастық орталығының ұйымдастыруымен  2018-2019 оқу жылының сәуір айынан түрік тілі курсын  оқыту басталды. Түрік тілін жеделдетіп оқыту арқылы студенттерге орта  деңгейлік сертификаты беріледі. Әрбір студент түрік тілін жетік меңгеріп, өз мамандығына байланысты  Түркияның серіктес университетінде одан әрі қарай дамыта алады.

Түрік тілін үйрену академиялық ұтқырлық бағдарламалары, «Мәулана», қосдипломдық білім беру  бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндіктеріне үлкен септігін тигізеді.

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян.

Түрік тілін оқытуға Түркияның серіктес жоғары оқу орындарынан түрік тілін меңгеруші мамандар келіп оқытады. 2019-2020 оқу жылында түрік тілі курсын Кастамону университетінің оқытушысы Атеш Өмер Фарук өткізді.

FullSizeRender.jpg

Өмер Фарук Атеш

Филология ғылымдарының PhD кандидаты, Кастамону университеті, Ғылым және Әдебиеті факультеті, Қазіргі түркі диалектілері мен әдебиеттері бөлімінің ғылыми қызметкері, оқытушысы және шетелдік студенттерге түрік тілінің оқытушысы.

Қазіргі Түркі әдебиеті, Түркі әлемі қазіргі әдебиеті, Кеңес өкіметі кезеңіндегі Әзірбайжан әдебиеті, әдебиет теориясы саласында жұмыс жасайды.

Ғылыми және танымал басылымдарда Түркі әлемі әдебиеті, әдебиет-кино байланысы, Әзірбайжан әдебиеті, Түркі әлемі әдебиетіне қатысты жарияланған 15 мақаласы бар.

a1.png
a.2.png
PHOTO-2020-05-18-16-13-34.jpg
a-1 workbook.png

Түрік тілі курсына тіркелу үшін қажетті кұжаттар:

  1. Қ.Жұбанов ат. АӨМУ тыңдаушысы сауалнамасын толтыру;

  2. Жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі;

  3. (3х4) сурет 2 дана;

  4. Деканаттан немесе жұмыс орнынан анықтама;

  5. Өтініш.

  6. Курс ақысы төленген түбіртек

bottom of page