top of page

Қосдипломды білім беру

 

Қосдипломды білім беру қазақстандық жоғары мектебінің халықыралық білім беру кеңістігіндегі тәжиребелік интеграцияның маңызды бағыты болып табылады. Аталмыш бағыттағы жұмыс, жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми зерттеу, халықыралық білім беру кеңістігіндегі университеттің бәсекелестігін арттыру  мақсатындағы жоо дамуының басты стратегиялық бағыты бола отырып Болон процесінің негізгі қағидаттары мен талаптарына сәйкес.

Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ әлемнің жетекші жооларымен қарым-қатынас жасау және басым қос диплом бағдарламаларын дамытуға қызмет етуде. Бұл бағдарлама негізінде параллельді білім алу нәтижесінде, қазақстандық және шетелдік, екі диплом алу басты ерекшелігі болады.

Қос дипломдық білім берудің негізгі қағидаты, студенттер кейбір курстарды өз университетінде оқып бітіргеннен кейін қалғаның серіктес жоо-да жалғастыра алады, және екі жоо-ның кредиттері таңылады. Бүгінгі уақытта қосдипломды білім беру бағдарламасы аясында университет  Қытай (Қытай мұнай университеті, Пекин), Корея (Тонмен университеті, Пусан), Польша (Экономический университет, Быдгощ), Турция (Сакария университеті, Сакария) елдерінің жооларымен келісім-шарттар жасаған.

Қазіргі таңда, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУдегі оқу процесін ұйымдастырудың инновациялық бағыты негізінде Быдгощ экономикалық университетінің (Польша) «Дене мәдениеті» және Қытай мұнай университетінде (Қытай, Пекин) «Мұнай ісі» мамандықтары бойынша қосдипломды білім беру бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда.

Қос дипломды білім беру бағдарламасын аяқтаған студенттерге, қазақстандық және шетел компанияларында жұмысқа орналасу мүмкіндігі екі есе артылады.

bottom of page